Жаңалықтар тізбегі
0

Жаңаөзендегі жарылыс: Дәрігерлер зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты

Төтенше жағдай, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.04.2023 21:56 Сурет: ҚР ТЖМ
Жаңаөзенде көппәтерлі үйдегі жарылыс салдарынан зардап шеккен бес адам ауруханада жатыр, ауыр жағдайдағы екеуі жансақтау бөліміне орналастырылған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Денесі күйіп, омыртқасы сынған 2000 жылғы қызға ота жасалды. Ол жүктіліктің 17-18 аптасында болған, деп хабарлайды Lada.kz.

"Зардап шеккендердің бірі - 1977 жылғы ер адам да төменгі бөліктің ұзақ жаншылуы синдромымен жансақтау бөлімінде жатыр. 17 сәуірде аяғын сақтап қалу үшін оған ота жасалды", деп хабарлады қалалық ауруханадан.

Зардап шеккендердің тағы үшеуі – 2008 және 2014 жылғы қыздар, сондай-ақ 1965 жылы туған ер адам травматология бөлімінде емделіп жатыр. 

Зардап шеккендердің тағы бірі Маңғыстау облыстық ауруханасына (МОБ) жеткізілген. 1972 жылғы ер адам жедел жәрдемнің медавиациясымен тасымалданды. Дәрігерлер зардап шеккен адамның денесінің жоғары бөлігінің 60-70%-ын күйік шалғанын айтады. Қойылған диагноз осындай.

"Науқас есін біледі, бірақ ауыр жағдайда жансақтау бөліміне орналастырылған. Емдеу шаралары жүргізілуде", - деп атап өтті МОБ баспасөз қызметі.

2023 жылдың 17 сәуірінде таңертең Жаңаөзеннің екінші ықшам ауданында көппәтерлі үйде газ жарылды. Жарылыс салдарынан подъезд опырылды. Қирау алаңы 150 шаршы метрді құрады. Қаза тапқандар саны төрт адамға жетті, тағы алты адам зардап шекті.

Кейін ТЖМ жарылыстың алдын ала себебі - газ-ауа қоспасының жиналуы екенін хабарлады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: