Жаңалықтар тізбегі
0

Шемонаихадағы газ құю бекетіндегі жарылыс: Дәрігерлер зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты

Оқыс оқиға, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.06.2023 20:45 Сурет: primeminister.kz
ШҚО денсаулық сақтау басқармасы Шемонаиха қаласындағы газ құю бекетіндегі жарылыс салдарынан төрт адамды термиялық күйік шалғанын нақтылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Зардап шеккен төрт адам да Шемонаиха аудандық ауруханасына жеткізілген. Айта кетсек, алдында жарылыс кезінде екі адам зардап шеккені хабарланған еді.

"Екі ер адам орталық аудандық аурухананың жансақтау бөлімінде өте ауыр жағдайда жатыр, дененің өң бойын күйік шалған. Денесінің 15-20%-ын күйік шалған тағы екі адам (ер, әйел) хирургиялық бөлімге жатқызылды, олардың жағдайы орташа ауырлық дәрежесі ретінде бағаланады". ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы

Сондай-ақ облыстан санитарлық авиация бригадасы шақырылғаны да белгілі болды. 

"Шемонаихаға осы төрт науқасты қарау үшін Өскеменнен ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының бас штаттан тыс мамандары: облыстың бас травматологы және бас реаниматологы тікұшақпен келмек. Сондай-ақ, аудандық ауруханада облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы да жүр", делінген ведомство хабарламасында.

Айта кетсек, бүгін Шемонаиха қаласында газ құятын бекетте жарылыс болып, екі адам зардап шеккені хабарланған болатын.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: