Жаңалықтар тізбегі
0

"Астана LRT" ісі. Прокурор айыпталушыларға қатысты жазаны белгіледі

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.05.2021 18:33 zakon.kz
Прокурор Янгалышов "Астана LRT" ЖШС келтірген 5 миллиард теңге көлеміндегі мүліктік шығынды бөлісе өтеу туралы азаматтық талап-арызды қанағаттандыруды, сондай-ақ сотталушылардан 4 миллион теңге көлеміндегі процессуалдық шығындарды өндіруді сұрады.

Нұр-Сұлтанда "Астана LRT" ісіндегі ақша ұрлау фактісі бойынша сот процесі өз жалғасын тапты. Бүгін прокурор соттан жеті айыпталушыға 7 жылдан 11 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын сұрады, деп хабарлайды zakon.kz.

Іс бойынша үкім 27 сәуірде жариялануы керек еді. Бірақ судья Қажымұхан Мекемтас кеңесу бөлмесінен оралып, қамауға алынғандардың қандай мүліктері бар екенін анықтау үшін сот тергеуін қайта бастауға шешім қабылдады.

Бүгін, 17 мамырда төреші жарыссөз басталғанын жариялады. Прокурор Диас Янгалышов айыпталушыларға жаза мерзімін тағайындауды сұрады.

Сөз басында ол Аманжолов пен Нұрпейісовтің жазасын ауырлататын жағдайлары бар екенін айтты. Бұл - қылмыс жасауда белсенді рөлі және антты бұзу жағдайлары.

Елорданың жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бұрынғы бастығы Рашид Аманжоловқа прокурор мемлекеттік қызметтегі лауазымды қызметтерді атқаруға тыйым сала отырып, 11 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Бұрынғы депутат және Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының хатшысы Жанат Нұрпейісовке мүлкін тәркілеп, мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, Ұлттық банкте және оның ведомстволарында, квазимемлекеттік ұйымдарда лауазымды қызмет атқаруға 5 жылға тыйым сала отырып, 9 жыл бас бостандығынан айыруды сұрады. Сондай-ақ "Құрмет" орденінен айыру ұсынылды.

"Astana Innovations" АҚ басқарма төрағасы болған Талғат Әшімге 11 жыл бас бостандығынан айыру сұралды.

"Астана LRT"-мен әріптесе жұмыс істеген кәсіпорындардың қызметкерлерінен 7 жылдан 11 жылға дейін бас бостандығынан айыру сұралды.

Ұлықбек Ачилов мүлкі тәркілене отырып, 11 жыл жазасын орташа қауіпсіз колонияда өтесін.

Тимур Касабаевқа 8 жылын қауіпсіздігі орташа колонияда өтеу сұралды.

Дулат Мусенов мүлкі тәркілене отырып, 7 жыл жазасын орташа қауіпсіз колонияда өтесін.

Дәурен Әбдіхамитов мүлкі тәркілене отырып, 11 жыл жазасын орташа қауіпсіз колонияда өтесін.

Прокурор Янгалышов "Астана LRT" ЖШС келтірген 5 миллиард теңге көлеміндегі мүліктік шығынды бөлісе өтеу туралы азаматтық талап-арызды қанағаттандыруды, сондай-ақ сотталушылардан 4 миллион теңге көлеміндегі процессуалдық шығындарды өндіруді сұрады.

Бұл іс бойынша сот ісі 2020 жылдың қазан айында басталды. Жеті сотталушыға жеңіл рельсті жол салу кезінде 5,7 миллиард теңгені жымқырды деп айып тағылды. Қылмыстық іс 155 том мен 8 эпизодтан тұрады.

Тағы екі күдікті Интерпол арқылы іздеуде. Олардың есімдері - Талғат Ардан және Қанат Сұлтанбеков. Біріншісі - "Астана LRT" басшысы, екіншісі - елорда әкімінің орынбасары болған.

"Астана LRT" жобасының өзі - жеңіл рельсті көлік жүйесі, ол қаланың көлік жүйесінің басты платформасына айналуы және қоғамдық көліктердің барлық түрлерін біріктіруі керек еді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: