Жаңалықтар тізбегі
0

Бала ауыстырған. Павлодардағы перзентхананы ресейлік әйел сотқа берді

Irbistv.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.05.2021 17:13 Irbistv.kz
Өткен жылы Светлана әлеуметтік желілерде өзіне таныс болып көрінген әйелдің суретін көреді. Оның парақшасына кіріп, өзіне өте ұқсас қызды көреді. Дәл сол кезде перзентханада балалардың шатасып кетуі мүмкін деп ой келеді.

Павлодардың бұрынғы тұрғыны өз баласын перзентханада ауыстырып жіберген деп санайды, деп хабарлайды zakon.kz Irbis TV-ға сілтеме жасап.

Светлана Педченко үш жыл бұрын Павлодардан Новосібірге көшіп келген, оның үш баласы болған. 1993 жылы ол №2 қалалық ауруханада қыз бала босанады, сол арада 20 минуттық айырмашылықта тағы бір қыз дүниеге келген. Дәрігерлер үстелге екеуі қатар оралғандықтан кездейсоқ оларды шатастырып алуы мүмкін.

Ол менің үлкен ұлыма ұқсамайтын. Ұлым ақшыл, көк көзді, ал олар қара көзді қара қызды берді маған. Менің күйеуімнің шешен тамыры бар, сондықтан бала менікі емес деген ой менде болған емес. Бір секунд та ондай күмәнім болмапты, - дейді Светлана Педченко, қыздың анасы.

Оның қызы қазір 27-де. Өткен жылы Светлана әлеуметтік желілерде өзіне таныс болып көрінген әйелдің суретін көреді. Оның парақшасына кіріп, өзіне өте ұқсас қызды көреді. Дәл сол кезде перзентханада балалардың шатасып кетуі мүмкін деп ой келеді.

Біз Павлодарға бардық, ол адамдармен кездестік. Иә, қыз өсіп кеткен, жақсы отбасында өсткен, оны бәрі жақсы көрген. Құдайға шүкір, жағдайы - бәрі жақсы. Бірақ өмірді кері айналдыру мүмкін емес, ештеңені өзгерте алмайсыз, жаныңыз ауырады. Енді қалай өмір сүремін, не істеймін деп, - дейді Светлана Педченко.

Әйелдің күдігі ДНК тестімен расталды, нәтижесінде өзі өсірген қызы 100% биологиялық емес болып шықты. Светлана мен оның күйеуі енді перзентхананы сотқа бермек.

Қазір Павлодар қалалық соты Олег Павлович Педченко мен Светлана Владимировна Педченконың Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасына қарсы талап-арызы бойынша азаматтық істі қарайды. Бұл арада үшінші тарап - Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасы да сотқа тартылып отыр. Моральдық зиянды өтеу туралы талап бойынша. Қазіргі уақытта азаматтық іс қаралуда, - деп түсіндірді Павлодар қалалық сотының баспасөз хатшысы Руфат Ерғалиев.

Ерлі-зайыптылар моральдық зиян үшін өтемақы ретінде 20 миллион теңге талап етіп отыр. Екінші отбасы, айтқандай, талап-арыз жазбады. Светлананың 3 баласы болған. Екіншісі туғаннан соң бір күннен кейін осы перзентханада қайтыс болды. Ресми түрде өлім себебі - екі жақты пневмония. Бұл оқиға 1991 жылы Павлодар қалалық №2 ауруханасының перзентханасында болған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: