Алматы облысында жас қызды сабап кеткен екі әйелдің бірі ұсталды
Баспасөз қызметі
Полиция оқиғаға қатысушыларды Айнабұлақтан Боралдай ауылына жеткізген такси жүргізушісінен жауап алынғанын атап өтті.
Алматы облысында жасөспірімді тонағандардың бірі ұсталды, деп хабарлайды zakon.kz.
Оқыс оқиға Іле ауданы, Боралдай ауылында 13 мамырда болған. Екі әйел кәмелетке толмаған қызды қатты сабап тастаған.
Бұл факт ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы, 2-бөлігі (топтық бұзақылық) бойынша тіркеуге алынды, деп нақтылады полициядағылар.
Полиция оқиғаға қатысушыларды Айнабұлақтан Боралдай ауылына жеткізген такси жүргізушісінен жауап алынғанын атап өтті.
Іздеуге салынғандарға ұқсас 25 пен 40 жас аралығындағы едеуір әйел тексерілді.
19 мамырда Алматыда 27 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды, ол дәлелдемелер ұсынылғаннан кейін өз кінәсін мойындады. Төбелеске түрткі екінші әйел Еңбекшіқазақ ауданының Бәйтерек ауылының 30 жастағы тұрғыны екені анықталды, ол іздеуде, оны ұстау бойынша шаралар қабылдануда, - деді полиция.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript