Әлеуметтік желі деген ұрыларға жақсы болды - ҚР ІІМ
Pixabay
Ол, әдетте, мұндай қылмыстар күндізгі уақытта, яғни үй иелері жұмыста, ал балалары мектепте болған кезде орын алатынын да айтты.
Қазақстандықтардың әлеуметтік желідегі белсенділігі пәтер тонаушылардың оң жамбасына келіп тұр, деп мәлімдеді брифингте ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары Қанат Нұрмағамбетов, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.
Негізінен, әлеуметтік желілерді пайдаланатын азаматтар ұрыларға өздері белгі береді. Себебі олар желіде өз үйінің қайда орналасқанын көрсетеді, қандай көлік мініп жүргенін білдіреді немесе, мысалы, қазіргі уақытта қаладан тыс жерде және курорттарда жүргенін білдіретін суреттер салу арқылы үйінің қараусыз қалғанынан хабар береді. Олардың өзі ықтимал қылмыскерлерге орналасқан жері туралы хабарлайды, - деді Қанат Нұрмағамбетов.
Негізінен, оның айтуынша, ұрылар өзіңізбен алып жүруге әбден болатын зергерлік бұйымдарды, ақшаны және басқа да ұсақ бағалы заттарды ұрлайды.
Ол, әдетте, мұндай қылмыстар күндізгі уақытта, яғни үй иелері жұмыста, ал балалары мектепте болған кезде орын алатынын да айтты.
Тонауға, негізінен, көпқабатты үйлердің бірінші және екінші қабаттарында орналасқан пәтерлер ыңғайлы. Оның үстіне, егер бұл пластикалық терезе әрі темір торы жоқ үйлер болса, тіпті жақсы. Одан соң өрт баспалдақтарына жақын орналасқан пәтерлер. Егер есік - ағаш және құлпы әлсіз болса. Үйдің кіреберісі мен периметрі бойынша бейнекамералардың болмауы да маңызды рөл атқарады, - деді Криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript