Прокуратура ғимаратында полиция қызметкері өз-өзіне оқ атты
Павлодар облысы Железин ауданында бас прокуратура ғимаратында аға тергеуші өз-өзін атты, деп хабарлайды zakon.kz.
Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі полиция қызметкерінің денсаулығына аса қауіп төніп тұрмағанын жеткізді.
Pavlodarnews.kz мәліметінше, оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр.
Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, 24 мамырда мессенджерлерде Железин ауданының аға тергеушісі өзінің табельдік қаруынан өзін-өзі өлтіруге әрекет жасаған деген ақпарат пайда болды.
Полиция департаменті 23 мамырда сағат 18:10-да Железин ауылында прокуратура ғимаратында аудандық полиция бөлімінің аға тергеушісі оң иығына оқ атқанын хабарлады.
Полиция қызметкері ауруханаға жатқызылып, ота жасалды. Бүгінгі күні жағдайы тұрақты, өмірлік маңызды мүшелері мен сүйектері зақымдалмаған, денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ, – делінген хабарламада.
Аталған факті бойынша ПД өзіндік қауіпсіздік басқармасымен Қазақстан Республикасы ҚК 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Мән-жайлар мен себептер анықталуда.