Темір шарбақ арасына басы қысылып қалған бала құтқарылды
Pixabay
Құтқару операциясы кезінде сарбаздар қызбен сөйлесіп, оны әңгімеге тартып, көңілін аулап тұрды.
Қарағанды облысында құтқарушылар темір шарбақ арасына тыққан басын шығара алмай, қыстырылып қалған баланы босатты, деп хабарлайды zakon.kz.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Приозерск қаласында 4 жасар қыз ойынап жүріп, темір шарбақ арасына басын тығып алғанын хабарлады. Содан ол басын кері шығара алмай қалады. Ересектер оған көмекке келгенімен, ештеңе тындыра алмай, ақыры құтқарушыларды шақырды.
No15 өрт сөндіру бекетінің өрт сөндірушілер-құтқарушылары көмекке келді. Олар гидравликалық құралдың көмегімен темірді кесіп, баланы құтқарды.
Құтқару операциясы кезінде сарбаздар қызбен сөйлесіп, оны әңгімеге тартып, көңілін аулап тұрды. Қыз зардап шеккен жоқ. Бала ата-анасына тапсырылды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript