Таразда 6 жасар қыз бала бесінші қабаттан құлады
Хабар 24
Жедел жәрдем көлігі дер кезінде жетіп, ақ халаттылар бүлдіршіннің өмірі үшін бір жарым сағат арпалысқанымен, оны аман алып қала алмады.
Таразда жазатайым оқиға болды. 6 жасар қыз көп қабатты тұрғын үйдің бесінші қабатының балконынан құлап кеткен, деп хабарлайды Хабар 24.
Өкініштісі, жедел жәрдем көлігі дер кезінде жетіп, ақ халаттылар бүлдіршіннің өмірі үшін бір жарым сағат арпалысқанымен, оны аман алып қала алмады. Оқиға 8 тамыз күні кешкі сағат сегіз жарымда Самал ықшам ауданында болған. Ата-анасының қарауынсыз қалған қыз «балконнан төмен қараймын» деп, құлап түскен. Төтенше жағдайлар департаменті мамандарының хабарлауынша, өңірде балалардың абайсызда көпқабатты үйлердің терезесінен құлауы бойынша биыл бес дерек тіркелген.
- Баланың жағдайы түскен кезде күрт ауыр жағдайда, терминалыд жағдайда түскен, балаға бүкіл реанимациялық іс-шаралар жасалынған болатын балада көптеген бас, ми жарақаттары, балада ішкі ағзалардың қан кетуі байқалынды, балада сондай көп жарақаттардың салдарынан бала көз жұмды, - дейді облыстық балалар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Азат Сатжанов.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript