Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда екпеден соң акушердің аяқ-қолы тырысып, хәлі нашарлаған

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.05.2021 21:57 Сурет: zakon.kz
"Акушерді жұмыстан шығарамын" деп қорқытып, вакциналауға мәжбүрлеу болды деген айыптау болды. Бұған Алматы қаласының бас дәрігері бұл арада мәжбүрлеу емес, тек сұрау болғанын айтты.

Алматыда акушердің аяқ-қолы тырысып, ауруханаға түсті. Ол мұны таяуда алған коронавирус вакцинасының әсерінен болды деп санайды, деп хабарлайды zakon.kz.

Әлеуметтік желілерде аурухананың жылжымалы төсегінде жатқан қыздың видеосы тарауда. Қасында тұрған құрбысы оның аяқ-қолы тырысып, ұстамасы ұстағанын айтады. Оның айтуынша, бұл коронавирус вакцинасын алғаннан кейін болған.

"25.05.21 түнгі сағат 23:30-да. Вакцинацияның нәтижесі! 3-ші рет қайталанып жатыр. Ковидтен сақтайды, иммунитет дегені осы ма? Бет-аузы, аяқ-қолы барлығы тырысып, жүрегі тарсылдап жатыр. Вакцина алу өз еркі дейді, бірақ алмасаң жұмыстан шық деп заставить етеді! Адам өмірі оңай болып қалған ба? Шақырған скорый 30 мин-та әрең келеді. Отырады күтіп худщее болғанын. Айтып апару керек па, обязательно?", делінген видео сипаттамасындағы жазбада.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ????????ҚАЗАҚТЫҢ ДӘУЛЕТІ???????? (@dauletten)

Алматы денсаулық сақтау басқармасы қыздың акушерка болып жұмыс істейтінін айтты. Бес ай бұрын ол перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығына жұмысқа тұрған.

Ол вакцинаны 29 сәуірде қабылдаған және ұстамасы ұстаған. Ол емханаға барған, соңғы рет 7-ші ауруханаға кеше барды. Факт расталды. Оған көмек көрсетіліп, үйіне жіберілді. Бұл вакцинацияға қатысты болса, біз қазір жұмыс комиссиясын құрдық, ол зерттеп жатыр. Шындығында, науқаста амбулаториялық-емханалық көмекке мұқтаж болатын көрсеткіштер бар, жедел жәрдем келгенде сол арада медициналық көмек көрсетеді, содан кейін оны ауруханаға жеткізуі бойынша нұсқаулық береді. Бұл жағдайда ауруханаға жатқызу қажет пе, жоқ па деген күмән болған. Алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін ұстамасы жіберген. Бірақ соған қарамастан, оны байқау үшін ауруханаға жеткізді. Содан соң ол үйіне босатылды, қазір ол біздің медицина қызметкерлерімен байланыста. Менің ойымша, ешқандай асқынулар болмауы керек, - деді Денсаулық сақтау басқармасының бастығы Нариман Табынбаев РСК-да өткен брифингте.

"Акушерді жұмыстан шығарамын" деп қорқытып, вакциналауға мәжбүрлеу болды деген айыптау болды. Бұған Алматы қаласының бас дәрігері бұл арада мәжбүрлеу емес, тек сұрау болғанын айтты.

Біз осы аурухананың басшысымен сөйлестік. Бұл жағдайда мәжбүрлеу болған жоқ, тек сұрау болған. Кім салдырады деп. Мұны дұрыс деп санаймын, өйткені адам перзентханада жұмыс істейді және босанған әйелдерге және жаңа туылған нәрестелерге көмек көрсетеді. Ол- акушер, алдымен вакцина алатындар санатында. Себебі босанатын ана да, бала да оның салдарынан азап шекпеуі керек және оларға қауіп төнбеуі керек, - деді Табынбаев.

Бірақ ресми өкіл акушер коронавирусқа қарсы вакцина алмаса, оны ешкім жұмыстан шығаруға құқылы емес екенін баса айтты.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: