Жаңалықтар тізбегі
0

Вакцинация. Алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.05.2021 21:14 zakon.kz
Сонымен қатар олар шілдеден бастап вакциналаудың толық циклын аяқтаған барлық адамдар Ashyq-та "жасыл" мәртебеге ие болатынын еске салды.

Қазақстанда вакциналау төлқұжатына қатысты алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды, деп хабарлайды zakon.kz.

Қазақстандық мессенджерлерде "eGov mobile" -дағы электрондық вакциналау төлқұжаты кейбір ұйымдарда жарамсыз болып саналады және "Sputnik V" вакцинасын алғандарды қабылдайтындар тізіміне енген мемлекеттер, шындығында оларды кіргізбейді" деген хабарлама тарай бастады. Ал адамның коронавирусқа қарсы вакцина алғанын растау үшін Санитарлық-эпидемиологиялық комитет беретін-мыс мөртаңбасы бар ресми бланкіге тапсырыс беру керек екен. Кейбір хабарламада мұндай вакциналаудың қағаз төлқұжаты шамамен 1500 теңге тұрады деп көрсетілген.

Түсініктеме алу үшін біз ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне хабарластық.

Бұл - ақпарат жалған. Комитет вакциналау төлқұжатын қағазға басып шығармайды, таратпайды. Барлық ұйымдарда eGov mobile-да орналастырылған электрондық вакциналау төлқұжаты жарамды. Атап айтқанда, электронды төлқұжат Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын кесіп өткен кезде, сондай-ақ Sputnik V вакцинасы салынған адамдар кіруге рұқсат етілген елдерге кірген кезде жарамды, - деп хабарлады құзырлы мекеме.

Сонымен қатар олар шілдеден бастап вакциналаудың толық циклын аяқтаған барлық адамдар Ashyq-та "жасыл" мәртебеге ие болатынын еске салды.

"Жасыл" мәртебе - бұл толықтай емін-еркін қозғалыстың белгісі. Бұрын 72 сағатқа жарамды ПТР тесті бар адамдар ғана осындай мәртебеге ие болған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: