Жаңалықтар тізбегі
0

Жараланып, ауруханаға түскен елордалықтың қулығы іске аспай қалды

polisia.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.06.2021 17:23 polisia.kz
Полиция жүргізушінің бүкіл маршрутын қадағалап, оның пәтерін тінтіп, ұрланған ақшаны тапты.

Ер адам көп ақшаға жылдам қол жеткізу мақсатында өз-өзін тонаған, деп хабарлайды zakon.kz.

Елордалық полицияның "102" шұғыл байланыс желісіне қонақ үй жанында ер адамды пышақтап кетті деген хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті.

Жәбірленуші - ЖШС-нің бірінде жұмыс істейтін 34 жастағы экспедитор көлікте отырғанда бетперде киген екі ер адам оның жанына келіп, пышақпен қорқытып, ақша талап еткенін айтты.

Жүргізуші олармен төбелесе кеткен, сол кезде оның қарнына пышақ тиген. Қаскөйлер пакеттегі 5 миллион теңгеге жуық ақшаны алып, қашып кеткен. Жараланған жүргізуші қалалық ауруханаға жатқызылды.

Оқиға орнынан жедел-іздестіру шараларын жүргізген кезде барлық бейнебақылау камералары зерттелді. Денеге зиян келтіру уақыты және болжамды қылмыскерлердің жүру мүмкіндігі тұрғысынан тергеушілер айғақтардың сәйкессіздігін байқап, ақпараттың сенімділігіне күмән келтірді.

Полиция жүргізушінің бүкіл маршрутын қадағалап, оның пәтерін тінтіп, ұрланған ақшаны тапты. Экспедитор бұлтартпас айғақтар алдына тартылғанда қылмысын мойындады.

Ол көп ақшаны жылдам табу мақсатында осы қылмысқа барғанын айтты. Қазіргі уақытта көрінеу жалған ақпарат беру фактісі бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: