Пәкістанда пойыздар соқтығысып, кемінде 30 адам опат болды
7 маусымда таңертең Пәкістанда екі жолаушылар пойызы соқтығысып, кемінде 30 адам қаза болды.
Бұл туралы жергілікті билік хабарлады, деп жазады centralasian.org.
Оқиға Синд провинциясындағы Дахарки қаласы маңында болған. Биліктің мәліметінше, рельстен шығып кеткен пойыздардың біріне жолаушысы көп екінші пойыз соқтығысқан.
#Pakistán????????| #VIDEO Autoridades se encuentra trabajando en el rescate de las víctimas. De momento se estiman un total de 25 personas fallecidas, pero la cifra podría aumentar. #N4V pic.twitter.com/6JAvUtFciY
— Noticias 4Visión (@noticias4vision) June 7, 2021
Қанша адамның вагондар астында қалғаны белгісіз. Құтқарушылар оларды табу үшін арнайы техника сұраған.
"Апат болған маң алыста болғандықтан құтқару операциясы күрделенді" деді теміржол компаниясының өкілі. Кемінде алты вагон толық қираған.
2 trains collide in Pakistan; 30 killed, 50 injured https://t.co/No5YD7kMmI pic.twitter.com/p9GwDbFVjp
— Newsd (@GetNewsd) June 7, 2021
Компанияның баспасөз қызметі кемінде 22 адамның қаза болғанын хабарлады. Ал Дахарки полициясының аға офицері Омар Туфаил 30 адам опат болды деді.
Пәкістан премьер-министрі Имран Хан оқиғаны естіп түршіккенін айтып, жол апатының себебін толық зерттеуге уәде берді.