Жаңалықтар тізбегі
0

Шымкент ауруханасындағы шудың мән-жайы белгілі болды

Отырар ТВ, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.06.2021 18:20 Отырар ТВ
Айта кетейік, қос тарап бір-бірімен түсінісіп, өзара бітімге келген. Алайда бұл оқиғаға байланысты қызметтік тексеру жүріп жатыр.

Әлеуметтік желіде тараған медицина қызметкері мен науқастар арасындағы жанжалдың видеосына қатысты мән-жай анықталды. Бұл оқиға Шымкент қалалық №1 ауруханада орын алғаны анықталды, деп хабарлайды zakon.kz.

Видео авторының айтуынша, науқас бас дәрігердің туысымын деп дөрекі әрекет жасаған көрінеді. Ал екінші тарап – кері пікір білдірді, деп хабарлайды Отырар ТВ.

Айта кетсек, ер адам медицина қызметкерлеріне дөрекілік көрсеткен әрі өзін қалалық №1 клиникалық аурухананың басшысының туысымын деп таныстырған көрінеді.

Ал ер адамның ауруханаға жеткізген науқас қарындасы Адель Асылханова болса, өзінің бас дәрігермен ешқандай таныс емес екендігін жеткізді. Ол ауруханаға түскен кезде ағасы оның денсаулығына қатты уайымдаған. Сондықтан медицина қызметкерлеріне дауыс көтеріпті.

Адель Асылханова:

- Ол бізді видеоға түсіре бастады. Біздің мүлде дәрігерге қатысымыз жоқ. Шынымды айтсам, мен оның кім екенін де білмеймін. Иә, сол кезде менің ағам қатты ашуланды. Егер менің ағам болмаса, біз онда ұзақ отырмас едік және күтпес едік. Олар мені жоғары деңгейде қабылдайтын еді. Бірақ қазір оларға қарсы еш шағымымыз жоқ.

Осы оқиғадан бірнеше күн өткеннен кейін әлеуметтік желіде кешірім сұраған видео пайда болды. Ал шудың шығуына сараптама (анализ) қағазанының ұзақ уақыт күтуі себеп болған екен.

Ауруханаға бір келіншек келіп түсті. Оны дәрігерлер қарап, анализ тапсыруға жіберді. Бірақ техникалық проблемалар туындағандықтан ол ұзақ уақыт алды. Содан кейін туысы ұрсыса бастады және оның талаптары болды. Алайда біздің қазір бір-бірімізге ешқандай шағымымыз жоқ, - деді ауруханадағылар.

Айта кетейік, қос тарап бір-бірімен түсінісіп, өзара бітімге келген. Алайда бұл оқиғаға байланысты қызметтік тексеру жүріп жатыр.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: