Павлодарда жұмысшының үстіне қайнап тұрған металл қорытпасы төгілді

иллюстрация үшін алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.06.2021 15:57 иллюстрация үшін алынды
32 жастағы металл кесуші марқұмның денесінің 90 пайызы күйіп қалған.

Павлодардағы зауыттардың бірінді оқыс оқиға тіркелді. Жұмысшы үстіне металдың балқытылған қорытпасы төгілген, деп хабарлайды zakon.kz.

Астана ТВ мәліметінше, абайсызда темір балқыған қазандықтың шөміші ашылып кетіп, жұмысшының үстіне қайнаған қорытпа төгілген. Дереу ауруханаға жеткізілгенмен, дәрігерлер зардап шегушінің өмірін сақтап қала алмады. 32 жастағы металл кесуші марқұмның денесінің 90 пайызы күйіп қалған.

Ербол САЙФУРОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ЕҢБЕК ИНСПЕКТОРЫ:

8 маусымда сағат 23-те 1989 жылы туған "Кастинг" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмыскерінің өлімімен аяқталған жазатайым оқиға орын алды. Қазіргі уақытта осы фактіге қатысты тергеу жұмыстары ұйымдастырылуда.

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: