Петропавлда әйелімен жалжалдасып, үйін жарып жіберген қария қайтыс болды

Петропавлда әйелімен жалжалдасып, үйін жарып жіберген қария қайтыс болды, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.05.2024 21:10 Сурет: видео скрині
Петропавлда әйелімен жалжалдасып, үйін жарып жіберген қария қайтыс болды. 95 жастағы зейнеткердің денесін жалын шарпып, 60 пайызы күйіп қалған еді, деп хабарлайды Zakon.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Бес күн бойы жансақтау бөлімінде жатқан науқас есін жимастан бақилық болды.

Қария әйелін соққыға жығып, өз үйінде газ баллонын жарып жіберген. 95 жастағы зейнеткер бақшасына өзі картоп салып, оны ұмытып қалыпты. Сол үшін жанжал шығарып, баспанасын өртеп жіберген.

Тілсіз жаудан газ баллоны жарылып, шаңырағы күлге айналды. Жарылыс кезінде қария қашып барып, қораға тығылған, бірақ жалын денесінің 60%-ын шарпып, тыныс жолдары да күйіп қалыпты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: