Жапонияда ер адам қайтыс болған анасының сүйегін пәтерінде 10 жыл сақтаған
Сурет: pixabay
SCMP басылымының мәліметінше, 2025 жылдың мамырында жергілікті шенеунік Миявакиді көшеден жолықтырып, одан анасының хал-жағдайын сұрайды, бірақ ол жауаптан жалтарып, өз-өзінен күдік туғызады. Осыдан кейін полицияға белгі беріледі.
Полиция келгенде пәтер іші қоқысқа толы болған. Дәретхананы тінту кезінде тәртіп сақшылары адам сүйегін тапқан. Миявакидің айуынша, ол анасының денесі көрінеді. Ер адам анасы қайтыс болғанда ешкімге хабар бермеген, полицияға да бармаған, анасының денесін көмбеген.
Сұрақ-жауап кезінде ер адам өзінің әлеуметтік фобиядан зардап шегетінін, яғни адамдармен қарым-қатынас жасауға қатты қорқатынын айтқан.
Жарияланған ақпараттарға сәйкес, ДНҚ сараптамасы кісі сүйегінің ер адамның анасына тиесілі екенін көрсетті, зорлық-зомбылық өлімінің белгілері де табылмаған. Қазіргі уақытта полиция тергеуді жалғастыруда.
Айта кетсек, Балқашта құбыр жаңартумен айналысушы жұмысшылар жер қазу кезінде үш адамның сүйегін тапқан болатын.