Елімізде кездесетін жалғыз Азия ала барысы неден өлген

facebook.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.06.2021 16:06 facebook.com
Ол жемтікке таласып мертігіп өлуі де мүмкін. Дегенмен мамандар жыртқыштың адам қолынан өлу мүмкіндігін де зерттеп көріп жатыр.

Маңғыстаудағы "Қызылсай" табиғи паркінің аумағынан өлі табылған сирек кездесетін жыртқыш - Азия ала барысының өлексесін қазір тиісті мамандар тексеріп жатыр, деп хабарлайды zakon.kz КТК-ға сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде таралған видео Маңғыстау облысында түсірілген. Онда Қызыл кітапқа енген қабылан түз далада арам қатқан. Осыдан алты жыл бұрын да Жаңаөзенде мысық тұқымдас жыртқыштың бірі тұрғындардың кесірінен көз жұмған. Мамандардың айтуынша, ерекше қорғалатын Азия ала барысы Қазақстанға Әзербайжаннан келген. Тіпті елдегі жалғыз қабылан болуы да мүмкін екен. Енді осы сирек кездесетін жыртқыштың неден және қалай өлгені анықталып жатыр.

Аян Мейраш, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы:

- Алдағы уақытта тексеріс жүргізіледі. Қорытындысын, мерт болу себебін толық айтатын боламыз. Азия алабарысын біз осы жылы Үкімет қаулысымен ҚР Қызыл кітабына енгізгенбіз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: