Оралда ер адам сүйіктісін жұмыс орнында тепкілеп, пышақтап кетті
prokazan.ru
Оқыс оқиға бақылау камерасына жазылған.
Оралда 37 жастағы ер адам қызғаныштан сүйіктісін тепкілеп, пышақтап тастады. Қазір 36 жастағы жәбірленуші жансақтау бөлімінде ауыр халде жатыр, деп хабарлайды zakon.kz КТК-ға сілтеме жасап.
Оқыс оқиға бақылау камерасына жазылған. Ер адам дүкенге кіріп, екі сатушы мен кішкентай қызды бұрышқа тақап алып, доқ көрсетіп тұр. Кейін екі әйел де таяқ жеп, шеттегісі бірнеше мәрте пышақталады. Кішкентай қыз анасын қорғап әлек. Бірақ қаскөй оған қарап жатқан жоқ. Ақырында ол оқиға орынан із суытады. Бірақ дүкеннен шыға бергенде тәртіп сақшысының көзіне түсіп, ұсталып қалады.
Ол Ақтөбе қаласының 37 жастағы тұрғыны болып шықты. Оның жәбірленушімен бірнеше жылдан бері байланысы болып, Оралға жиі келіп жүргені анықталды. Сол күні кезекті мәрте сүйктісін іздеп келген беті екен. Ал тәртіп сақшылары күдіктінің бұл қадамға баруына қызғаныш себеп болған дейді. Қылмыс жасаған кезде мас болыпты. Ғашығын мерт қыла жаздаған Ақтөбе тұрғыны қамауға алынды. Ал жәбірленуші жансақтау бөлімінде жатыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript