Шымкентте газ құю бекеті өртеніп, бір жұмысшы зардап шекті

otyrar.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.06.2021 15:31 otyrar.kz
Газ құю бекетінің операторы зардап шекті.

Шымкентте 13 маусымда күндіз "Жан Ойл" авто жанар-жағармай құю бекетінің жанындағы газ құю бекетінде өрт болды, деп хабарлайды zakon.kz.

2021 жылғы 13 маусымында сағат 15:19-да Еңбекші ауданы, Момынов көшесі бойында орналасқан "Жан Ойл" авто жанар-май бекетінің жанындағы газ құю бекетінде өрт туралы хабар келіп түсті. Алғашқы келіп жеткен өрт сөндіру бөлімдері көлемі 4 тонналық газ цистернасында газ жанын жатқандығын анықтады. Өрт сағат 16:08-де оқшауланып, сағат 16:10-да толығымен сөндірілді. Өрттің шығу себебі анықталуда, деп хабарлады otyrar.kz.

Оқиға орнында газ құю бекетінде оператор жұмысын атқарып жүрген 1992 жылы туған ер азамат зардап шегіп, 18% беті және екі қолының білегі 1 дәрежелі күйікке шалған. Зардап шеккенге алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, үйіне қайтарылды.

Өртті сөндіруге Өрт сөндіру қызметінің жеке құрамында 21 адам, 7 техника, Апаттар медицинасы орталығы филиалының 1 бригадасы жұмылдырылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: