Нұр-Сұлтанда жүк көлігімен соғысқан "Nexia" жүргізушісі көз жұмды

видеодан кадр, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.06.2021 22:37 видеодан кадр
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Бүгін шамамен 12 сағат 18 минутта "SHACMAN" маркалы автокөлігінің 34 жастағы жүргізушісі қала жақтан Астрахань тас жолы бойымен Талапкер ауылына қарай келе жатып, жолдың жүру бөлігінде алдын ала тиісті орынға тұрмай, маневр кезінде бір бағытта келе жатқан 52 жастағы жүргізушінің басқаруындағы "Nexia" маркалы автокөлігімен соқтығысты, деп хабарлайды zakon.kz Нұр-Сұлтан қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жол апаты салдарынан "Nexia" маркалы автокөлігінің жүргізушісі алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды ескертеді. Жүргізушілер жолдарда мүмкіндігінше мұқият болу керек.

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: