Жаңалықтар тізбегі
0

Павлодарда полиция майоры күдікті қызды зорлады: тексеру басталды

baigenews.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.06.2021 17:09 baigenews.kz
Күдікті қашып кетпеуі үшін күзету керек деген желеумен диванда қыздың жанына жатып алған.

Павлодарда полиция майоры күдіктіні зорлаған болуы мүмкін деген дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды zakon.kz BaigeNews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық Полиция департаментінің хабарлауынша, қажетті сараптамалар тағайындалды.

"Аталған факт бойынша Павлодар облысы Полиция департаментінің ішкі қауіпсіздік басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 120 "Зорлау" және 362 "Билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану" бабымен сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Қажетті сараптамалар тағайындалды, оның нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады", - деп түсіндірді Полиция департаменті.

Еске салсақ, павлодарлық құқық қорғаушы Елена Семенова Павлодардағы тергеу изоляторында "Мені полиция майоры зорлады" деген 22 жастағы қызды кездестіргенін айтқан. Бойжеткеннің сөзінше, оны 17 ақпанда ұстап, жеке тінту жүргізген, содан кейін полиция бөліміне әкеліп, түн ортасына дейін тергеу әрекеттерін жүргізген. Сосын оны пәтерге апарған, полицейлердің бірі "бәрінің шаршағаны мен осында түнейтінін, таңертең полиция бөліміне бірге баратынын" айтыпты.

Құқық қорғаушы жеткізгендей, қыздың сөзінше, ол пәтерде Павлодар облысы Полиция департаментінің полиция майорын көрген. Ол күдікті қашып кетпеуі үшін күзету керек деген желеумен диванда қыздың жанына жатып алған, содан кейін зорлаған деседі.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: