Тоқаев субұрқақта зардап шеккендері құтқарған студентті марапаттады

Facebook, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.06.2021 15:53 Facebook
Абылай Балапанов өткен демалыс күндері Алматы қаласындағы субұрқақтардың бірінде тоқ соғып, зардап шеккен әйел мен екі баланы құтқарып қалған. Оның өзін де тоқ соққаны хабарланған.

Қасым-Жомарт Тоқаев балаларды аман алып қалған студентті марапаттады, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлім етті.

"Мемлекет басшысы адамдардың өміріне қатер төнгенде көрсеткен асқан ержүректігі мен батылдығы үшін Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің 2-курс студенті Абылай Балапановты Құрмет грамотасымен марапаттады", деп жазды ол Facebook-те.

Абылай Балапанов өткен демалыс күндері Алматы қаласындағы субұрқақтардың бірінде тоқ соғып, зардап шеккен әйел мен екі баланы құтқарып қалған.

Қазір зардап шеккен әйелдің ауруханада жансақтау бөлімінде жатқаны, хәлі ауыр екені хабарланды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: