Жаңалықтар тізбегі
0

Шымкентте суррогат алкоголь өндірген 4 астыртын цех анықталды

elgezit.kg, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.06.2021 22:11 elgezit.kg
Контрафактілік өнімдерді құюға арналған түрлі жабдықтар тәркіленді.

Алкоголь өнімдерін қолдан жасаудың салдары мемлекетке орасан зор экономикалық зиян келтіріп қана қоймай, адам денсаулығына елеулі қауіп төндіреді, деп хабарлайды zakon.kz ҚР ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Контрафактілік алкогольді ішу мүгедектікке, кейде бүкіл әлем бойынша жүздеген мың адамның өліміне әкеледі.

Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері жедел-тергеу шараларының нәтижесінде суррогат алкоголь өнімін өндіретін 4 астыртын цех қызметінің жолын кесті.

Тексеру барысында 19 мың бөтелке түрлі маркалы алкоголь өнімі, 75 литр спирт, 13,4 тонна спирті бар сұйықтық, 5 мыңнан астам және 1 орама есепке алу-бақылау маркалары табылып, тәркіленді.

Сондай-ақ, контрафактілік өнімдерді құюға арналған түрлі жабдықтар тәркіленді.

Шымкент қ. бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қорытындысына сәйкес 4 астыртын цехтың ұйымдастырушылары мемлекетке 9 млн.теңгеге жуық шығын келтірген.

Үш факті бойынша ҚР ҚК-тің 233-бабының 2-бөлігі бойынша тергеу амалдары жүргізілуде, бір факті бойынша күдікті кінәсін толығымен мойындап, залалдың орнын толтырды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: