Шымкентте және Түркістан облысында алкоголь шығаратын астыртын үш цех анықталды
Сурет: pixabay
Қаржылық монитринг агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті жалған есепке алу-бақылау штамптарын қолданып, алкоголь өнімдерін шығарып келген үш астыртын цехтың қызметін тоқтатты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жедел-тергеу іс-шаралары барысында бір топ азаматтар Түркістан облысы және Шымкент қаласында орналасқан қойма үй-жайларында жасанды алкоголь өнімін өндіру бойынша үш жасырын цех жұмыстарын ұйымдастырып, заңсыз өнімді Түркістан облысы аумағында орналасқан сауда орындарына сатқан.ҚР ҚМА баспасөз қызметі
Цехтерде жүргізілген тінту кезінде:
5,5 мың дана есепке алу-бақылау маркалары;
5 тоннадан аса құрамында спирті бар сұйықтық;
6,5 мың бөтелке арақ;
24 мыңнан аса заттаңба анықталып, тәркіленді.
Бұл деректер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. ҚР Қылмыстық-процесстік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді.ҚР ҚМА баспасөз қызметі
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript