Алматы облысында астыртын цех анықталды

Алкоголь өнімдері, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.07.2022 11:21 Сурет: pexels
Алматы облысы бойынша ҚМА департаментінің қызметкерлері жалған есепке алу-бақылау таңбалары бар жалған алкоголь өнімін шығаратын астыртын цехты жойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Іле ауданының тұрғыны жеке тұрғын үй аумағындағы үй-жайда, антисанитарлық жағдайда қолдан жасалған заңсыз алкоголь өнімін өндірген.

Тексеру барысында есепке алу-бақылау маркалары, алкоголь өнімі, алкоголь өнімдерін құюға және дайындауға арналған әртүрлі заттар табылып, тәркіленді. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазақстан Республикасының Қаржы мониторингі агенттігі

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер жария етілуге ​​жатпайды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: