Антисанитарлық жағдайда алкоголь өнімдерін шығаратын жасырын цех анықталды

Петропавл, цех, алкоголь өнім, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.09.2022 14:47 Сурет: pixabay
ҚР Қаржылық монитринг агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті Петропавл қаласында алкоголь өнімдерін өндіріп келген жасырын цех қызметінің жолын кесті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында антисанитариялық жағдайда суррогат спиртін облыс аумағындағы сауда нүктелері арқылы сату үшін қаланың өнеркәсіптік аймағы аумағындағы қойма үй-жайы жойылды.ҚР ҚМА баспасөз қызметі

Агенттік тексеру барысында көлемі 16 мың литрден астам пластикалық ыдыстардағы спирт және құрамында спирт бар сұйықтық, сондай-ақ суррогат спиртін пластикалық ыдыстарға құюға арналған құрылғылар тәркіленгенін мәлімдеді.

Қазір осы деректер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді.ҚР ҚМА баспасөз қызметі
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: