Қостанай облысында алкольдік өнімдер шығартын астыртын цех анықталды

Қостанай, жасырын цех, алкогольдік өнімдер, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.10.2022 13:12 Сурет: pixabay
ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің (ҚҚА) Қостанай облысы бойынша департаменті алкоголь өнімдерін шығаратын астыртын цех құрғандардың ісін әшкереледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомствоның мәліметінше, жерасты цехынан құны 7 миллион теңгеден асатын тіркеу-бақылау таңбалары жоқ алкоголь өнімі табылған.

Тінту барысында дайын арақ өнімдері, 6 мыңнан астам бөтелке, 200 литр спирт, қақпақтар, шлангілер, спирт өлшегіштер және т. б. анықталып, тәркіленді.ҚР ҚМА баспасөз қызметі

Ведомство бұл іс бойынша тергеу жүріп жатқанын, ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіндегі өзге ақпарат жария етілмейтінін мәлім етті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: