Қостанайдағы дәмханада астыртын казино анықталды
Сурет: pixabay
Қаржылық мониторинг агенттігінің Қостанай облысы бойынша аумақтық департаментінің қызметкерлері Қостанай қаласындағы дәмханалардың бірінің ғимаратындағы астыртын покер клубының қызметін әшкереледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Заңсыз ойын мекемесін тексеру кезінде табылған заттай айғақтар, атап айтқанда «Покер» ойынына арналған кәсіби үстел, фишкалар, карталар және қолма-қол ақша сот үкімі негізінде жойылды.Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі
Сот үкімімен астыртын покер клубының ұйымдастырушылары мен сыбайластары ҚР Қылмыстық кодексінің 307-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оларға 2 жыл 3 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript