Қостанай облысында жол апатынан үш жасөспірім опат болды

Қостанай облыстық ПД, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.06.2021 18:55 Қостанай облыстық ПД
Қостанай-Қарабұтақ тасжолында Renfult-Sandera автокөлігін тізгіндеген 36 жастағы әйел алдындағы жүк көлігін басып озамын деп қарсы бағытқа шығып кеткен.

Қостанай облысында жол апатынан үш жасөспірім опат болды. Екеуі - 14 жаста, үшіншісі - 17 жаста, деп хабарлайды zakon.kz.

Алау порталының хабарлауынша, 26 маусымда Қостанай-Қарабұтақ тасжолында Renfult-Sandera автокөлігін тізгіндеген 36 жастағы әйел алдындағы жүк көлігін басып озамын деп қарсы бағытта келе жатқан Lexus көлігімен соқтығысқан.

Жол апаты салдарынан Renfult-Sandera көлігіндегі кәмелетке толмаған үш жолаушы көз жұмды, екеуі - 14 және біреуі - 17 жаста. Сол көліктің жүргізушісі мен 40 жастағы жолаушысы жарақат алды. ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы, 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, - дейді Қостанай облысы ПД баспасөз қызметі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: