Алматыда қымбат көлік мінген әйелге шабуылдағандар ұсталды

polisia.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.06.2021 17:49 polisia.kz
Қаскөйлер үшеу. Олардың бірі көлігін тұраққа қойып жатқан кезде әйелге шабуылдап, оны бірнеше рет ұрып, көліктің ішіне итеріп кіргізіп, кетіп қалған.

Алматыда тәртіп сақшылары ұрланған Toyota Camry 70 көлігін иесіне қайтарды, деп хабарлайды zakon.kz.

Polisia.kz мәліметі бойынша, қылмыс түннің бір уағында жасалған.

– 21 маусымда сағат 00:30 шамасында Розыбакиев пен Құсаинов көшелерінің қиылысында маған шабуыл жасалды. Ол мені қорқытты, егер мен оның талаптарын орындамай, тыныш отырмасам, мен сені өлтіремін деді. Сондай-ақ ол бір жерге жетеміз, сен үндемей жүк салғышқа ауысасың деді, – дейді жәбірленуші.

Қылмыстық қол сұғушылықтың нысаны Toyota Camry 70 маркалы көлік болды.

– Қаскөйлер үшеу. Олардың бірі көлігін тұраққа қойып жатқан кезде әйелге шабуылдап, оны бірнеше рет ұрып, көліктің ішіне итеріп кіргізіп, кетіп қалған. Абырой болғанда, жолда жәбірленуші көліктен шығып үлгеріп, оны полицияға хабарлаған. “Ұстау” жоспары бүкіл қала бойынша енгізілді. Көлік басқа ауданнан табылды. Күдіктілер бірнеше сағаттан кейін ұсталды, – деді Бостандық АПБ-ның бастығы Думан Аухадиев.

Қарақшылық шабуыл жасады деген күдікпен үш ер адам ұсталды. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды.

– Сол түні маған Бостандық аудандық ПБ-нан көліктің табылғандығы туралы хабарланды. Сәл кейінірек қылмыскерлердің ұсталғанын айтты. Қылмысты ашқаны үшін полиция қызметкерлеріне ризашылығымды білдіремін. Оларға қызметінде сәттілік тілеймін, – деді автокөлік иесі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: