Нұр-Сұлтанда сатуға қойылған көлік ұрланды
Сурет: Zakon.kz
Елордалық тұрғын сайттардың біріне хабарландыру беріп, бірнеше адамға көлігін көрсеткен. Алайда көп ұзамай белгісіз біреу сатылымдағы көлікті ұрлап кетті. Полиция қызметкерлері оны клиенттердің бірі айдап кеткенін анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Нұр-Сұлтан қаласы ПД баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, хабарландыру берген күні иесі «ВАЗ 2107» көлігін Шыңырау көшесіндегі үйдің ауласына қойып, он беске жуық адамға көрсеткен. Келесі күні таңертең көлік тұрақта жоқ болып шықты.
Оқиға орнын тексерген полицейлер көлікті ұрлап кеткен күдіктіні анықтады.
Тергеу барысында көлікті қолды қылған адамның жеке басы анықталды. Ол көлікті көруге барған көп «клиенттердің» бірі болып шықты. 28 жастағы жігіт ұрланған көлікпен қаланы аралап жүргенде ұсталды.Нұр-Сұлтан қаласы ПД баспасөз қызметі
Қазір «Алматы» аудандық полиция басқармасының қызметкерлері күдіктіге қатысты ҚР ҚК 200-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript