Нұр-Сұлтанда дүкеннен құны бір миллион теңгеден асатын гауһар тас ұрланды
Сурет: pixabay
Елордада белгісіз әйел кісі дүкеннен құны 1 миллион теңгеден асатын гауһар тасты ұрлап кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Полицияға дүкен директоры арызданып, Ғабдуллин көшесіндегі зергерлік дүкеннен белгісіз біреу құны 1 миллион теңгеден асатын гауһар тасты ұрлап кеткенін хабарлаған.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу және қылмыс жасау периметрінде орнатылған бейнебақылау камераларын қарау барысында күдікті анықталды. Ол 49 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Әйелдің зергерлік дүкенге жиі келетіні және бұрын бірнеше рет үлкен сомаға сатып алғандығы анықталды.Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі
Полицейлердің мәлімдеуінше, күдікті кешкі сағат 17.45-те зергерлік дүкенге кіріп, сатушының басқа клиенттерге қызмет көрсеткенін пайдаланып, қымбат жиынтықты ұрлап, қылмыс орнынан бой тасалаған.
Ұсталған азаматша кінәсін мойындады, заттай айғақ тәркіленді. Аталған факті бойынша «Ұрлық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, оның елорда аумағында жасалған басқа да ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр. Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript