Жаңалықтар тізбегі
0

Нұр-Сұлтан әуе-жайында мінезді жолаушы ұшаққа отырғызылмады

Көліктегі ПД, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.06.2021 00:00 Көліктегі ПД
Медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес, мінезді ер адам орташа дәрежеде мас болған.

Елорданың әуежайында мас адамды ұшаққа кіргізбей, түсіріп тастады, деп хабарлайды zakon.kz.

Биыл 29 маусымында Нұр-Сұлтан әуежайындағы желілік полиция бөліме "Эйр Астана" АҚ өкілінен тіркеу бөлімінде заң бұзған жолаушыға шағымданғаны туралы хабарлама келіп түсті, - деді Көліктегі полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Калижан Кобландин.

Оның айтуынша, оқиға орнына патрульдік полиция жасағы келген. Тексеру барысында Көліктегі полиция өзін қоғамдық орында лайықсыз ұстаған және балағат сөздер айтқан Шымкент қаласының 45 жастағы тұрғынын анықтады.

Жолаушы ер адам Шымкентке ұшуы керек болатын. Бірақ әуе тасымалы өкілдері оны Нұр-Сұлтан - Шымкент рейсіне жібермеді.

Кезекші бекетке жеткізген кезде құқық бұзушы полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбай, мінез көрсетті.

Медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес, ол орташа дәрежеде мас болған.

Ер адамға қатысты полиция қызметкерлері ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабының 1-бөлігі (алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе мас күйінде қоғамдық орындарда болу) және ҚР ӘҚБтК-нің 667-бабы (Заңды бұйрыққа немесе құқық қорғау органының қызметкерінің талабына бағынбау) бойынша әкімшілік хаттамалар толтырды, - деп қорытындылады Қобландин.

Сондай-ақ ол құқық бұзушыға мас күйінде қоғамдық орындарда болғаны үшін 5 АЕК көлемінде айыппұл салынғанын атап өтті.

Сонымен қатар, осы адамға қатысты ұсақ бұзақылық үшін үшінші әкімшілік хаттама толтырылды (ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігі бойынша), ол Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына процессуалдық шешім қабылдау үшін жолданды.

Биылғы жылдың басынан бері Көліктегі полиция әр түрлі әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін 21 092 адам әкімшілік жауапкершілікке тартты, оның ішінде 1867 адам алкогольдік ішімдіктер ішкені және қоғамдық орындарда мас болғандығы үшін.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: