Жаңалықтар тізбегі
0

Атырауда облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары ұсталды - БАҚ

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.07.2021 21:30 zakon.kz
38 жастағы күдікті құқыққорғаушылар тергеу жүргізіп жатқан кезеңде (2015-2020 ж.ж.) басқармада есеп бөлімінде жұмыс істеген, тек 2020 жылдың қарашасында басқарма басшысының орынбасары болған.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің қызметкерлері Атырау облысы білім басқарма басшысының экономика және қаржы мәселелері жөніндегі орынбасарын ұстады, деп хабарлайды zakon.kz.

Ақ Жайық басылымының хабарлауынша, ол және басқа да басқарма қызметкерлері мемлекет қаржысын жымқырды деп күдікке ілінді.

2015 жылдан 2020 жылға дейін басқарма қызметкерлері "алдын ала келісім бойынша адамдар тобымен" аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқырған. Олар мұны басқармада жұмыс істемейтін адамдарға жалақыны заңсыз аудару арқылы жасаған, бұдан басқа қызметкерлердің іссапар шығындарының сомасын асыра төлеп, іс жүзінде өткізілмеген білім беру іс-шараларына төлем жасаған.

- Азаматша К. ұсталып, Атырау қалалық полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне сай өзге ақпарат жария етуге жатпайды, - деп хабарлады ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.

38 жастағы күдікті құқыққорғаушылар тергеу жүргізіп жатқан кезеңде (2015-2020 ж.ж.) басқармада есеп бөлімінде жұмыс істеген, тек 2020 жылдың қарашасында басқарма басшысының орынбасары болған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: