Жаңалықтар тізбегі
0

Ақтөбеде 7 жастағы баланы 4 оқушы жабылып зорлаған

видеодан кадр, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.07.2021 17:12 видеодан кадр
Немеремнің балалық шағын ұрлады деп жылаған ана Президенттен араша сұрайды.

Мектеп дәретханасында балама білгенін істеді! Ақтөбеден ашынған ана хабарласты. Оның айтуынша, осыдан өрт ай бұрын 9-шы сыныптың төрт тоқушысы немересіне қысым көрсетіп, білім ордасының ішіндегі дәретханада зорлапты. Іс құзырлы органдарға жеткенімен, жәбірленуші тарап тергеудің дұрыс жүргізілгеніне күмәнмен қарайды. Баласын қорлағандар жазадан сытылып кете ме деп алаңдаулы. Мектеп басшылығы мен ұстаздарға, полиция тергеушісіне қояр сауалдары көп. Бұл туралы "Еуразия" бірінші арнасы хабарлайды.

Жеті жастағы ер баланың астаң-кестең болған ішкі күйзелісін салған суретінен байқауға болады. Мынау – мектеп дәретханасы, ал мынау қара түспен боялғаны – өзіне айуандық жасаған жер деп топшылайды әжесі. Ал мынау күш көрсеткен жоғары сыныптың төрт оқушысы. Оқиға наурыз айында болған.

Оқушының әжесі:

Туалетте қолымды бұрады, құлағымды бұрады, тепті, басымнан итеріп құлатты, ұрды деді. Үйге келіп баламды суға түсірейін десем, денесін ұстатпайды, еш жерін жуғызбайды. "Жоқ, жоқ, больно" деп. Содан саған не істеді деп, сол кезде маған сондай әрекет жасады деп айтты. Мектептің туалетінде төрт бала тиісті, біреуі охранада тұрды деді.

Жеті жастағы оқушы мектепке барғысы келмейтінін анасына да айтқан. Қорқам, апай күтіп алсын депті. Бірақ, анасы оны балалығы болар деп ойлапты. Ал мектептегі ұстаздары, директор болса, кешігіп келген баладан неге мән-жайды анықтамаған деп әжесі шыр-пыр. Дәл сол күні барлық бейнекамера істеп тұрғанда, дәретханаға кіре-берістегісінің істен шыққанына да күдіктеніп отыр. Оқушының әжесі істің дұрыс тергелгеніне де күмәнмен қарайды.

Оқушының әжесі:

Именно "зачинщик" бала ұйымдастырып, "мы такой план строили, тебя по-тихоньку пранканем, твоя мама не узнает, это все нормально, да это не страшно" деп, сөйтіп баламды ұрып-соғып, зорлаған именно сол қызыл курткадағы бала қазір бостандықта жүр. Бұл бала екі ай бойы тергелген жоқ. Енді барып тергеушіден сұрасам, бұл бала әкесімен басқа жаққа кетіп қалды, енді келгесін тергеледі дейді.Ол қашан келеді?

Мән-жайды полицейлерден сұрадық. тәртіп сақшылары төртінші күдіктінің анықталғанын және тергеу жүргізілетінін айтты. Қылмыстық істі облыстың бас полицейі өз бақылауына алыпты.

Рафаэль Жанұзақов, облыстық ПД №3 қалалық полиция бөлімі басшысының орынбасары:

Жас балаға қатысты нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 121-бабы, 4-бөлігімен тіркелген қылмыстық ісі бар. Барлық тергеу әрекеттері аяқталған соң, сонымен қатар сараптама қорытындысы алынғаннан кейін қылмыстық іс бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданады.

Сұмдық жайттан кейін баланың психикасы бұзылған. Күндіз күлкі, түнде ұйқыдан айырылған бүлдіршін 2 ай бойы психологтың бақылауында болып, 1 апта ауруханада жатып шыққан. Дәрігерлер оның денсаулығында кінәрат бар екенін айтқан. Әлі дәрі-дәрмек ішіп жүр. Немеремнің балалық шағын ұрлады деп жылаған ана Президенттен араша сұрайды! Тергеушіні Елордадан жіберіп, істі тікелей бақылауына алса дейді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: