Ақша ұрлау деген мүлдем болған жоқ - Біртановтың адвокаты
liter.kz
Діттеп келгенде, агенттік біздің басымызды өтірік қатырған болып шықты, ақша ұрлады деп - адвокат.
ҚР бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың адвокаты Дмитрий Куряченко бұл істе ақша ұрлау деген мүлдем болмағанын айтты, деп хабарлайды zakon.kz.
Тергеу аяқталды. Аяқталуға бес күн қалғанда, айыптау түрі "ақша жымқырудан" "қызмет өкілеттігін теріс пайдалануға" ауыстырылды. Естеріңізге сала кетейін, тергеу 2020 жылдың мамырында басталған, яғни 14 ай бұрын Денсаулық сақтау министрлігінің басшылығына ақша жымқыру айыбы тағылған, алайда ақырында бұл олай болмай шықты, оны агенттіктің өзі мойындады ( ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі. - ред.) Ал біз әрі Біртановтің өзі де қылмыс болған жоқ деп үнемі айтып жүрдік. Оның ішінде ұрлық та. Діттеп келгенде, агенттік біздің басымызды өтірік қатырған болып шықты, ақша ұрлады деп. Сол үшін менің қорғауымдағы адамды ұстады, тергеу изоляторына қамады және ақша сегіз ай бойы үйқамақта ұстады, ал ақырында осыларының бәрінен түк шықпады, - деді Дмитрий Куряченко.
Оның айтуынша, "ол жерде қызметтік өкілеттігін теріс пайдалану деген де болмаған".
Менің қорғауымдағы Біртанов өзіне тағылған айыптар бойынша кінәсін мойындамайды. Тергеу көптеген заң бұзушылықтармен және біржақты жүргізілді. Мұның бәрі сотта дәлелденетін болады, - деді ол.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript