Жаңалықтар тізбегі
0

Қайын апайын өлтірген келіншек екі баласы мен өзін өртеп жібермек болды

pixabay.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.07.2021 22:27 pixabay.com
Қайғылы оқиға 6 шілдеде Қарғалы ауылында болды.

Алматы облысының тұрғыны өзінің қайын апасын өлтіріп, өзін және балаларын өртемек болған, деп хабарлайды zakon.kz.

Қайғылы оқиға 6 шілдеде Қарғалы ауылында болды.

Кісі өлтірген соң әйел бөлмелерге бензин құйып, үйді өртеп жіберген.

Түнде оянған 27 жастағы көршісі жақын маңдағы үйдің өртеніп жатқанын көріп, көмекке жүгірген. Ер адам өрттен үш кішкентай бала мен әйелді құтқарды, деп хабарлады құзырлы органдағылар.

Жедел-тергеу тобы оқиға орнында зорлық-зомбылық белгілері бар 37 жастағы әйелдің мәйітін тапты.

Тәртіп сақшылары құтқарылған 29 жастағы кәмелетке толмаған балалардың анасын кісі өлтіріп, қасақана өрт қойды деп күдіктенді. Содан кейін ол қайын апасын өлтіргенін, содан соң балаларымен бірге өртеніп кеткісі келіп, от қойғанын мойындады. Күдіктінің іс-әрекеттері ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы, 3 бөлігі, 202 -баптың 2-тармағы бойынша талаптарға сай келеді. Сотқа дейінгі тергеу барысында ол қамауға алынды, деп толықтырды баспасөз қызметі.

ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес, басқа ақпараттар жария етуге жатпайды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: