Жаңалықтар тізбегі
0

Павлодарда жалған ПТР-тест қолданған тұрғын жазаланды

карудо, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.07.2021 19:33 карудо
Осы іс-әрекеті үшін оған 160 АЕК-ке дейінгі айыппұл салу, 160 сағатқа дейін түзеу немесе қоғамдық жұмыстарға тарту, 40 тәулікке дейін қамауға алу сияқты жаза қолдану қарастырылған.

Павлодарда жалған ПТР-тестіні қолданғаны үшін 56 жастағы ер адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды zakon.kz.

Рavlodarnews.kz облыстық полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтемей жасай отырып, ер адам жалған ПТР-тест анықтамасын Ресейге барып, келгеннен кейін көрсеткен.

Ер адам кезекті еңбек демалысында Ресей Федерациясына шығуды жоспарлаған. Қазақстан Республикасының аумағына оралған кезде емдеу мекемесіне карантинге жатпау үшін Covid-19 теріс нәтижесі бар медициналық құжатты көрсету қажет екенін біле тұра, Ресей Федерациясына шығып, екі күннен кейін павлодарлық Қазақстан Республикасының аумағына "Қосақ" бақылау өткізу пункті арқылы келген.

- Алайда ол короновирус инфекциясының таралуына қарсы күрес бойынша қабылданып жатқан шаралар аясында Успен ауруханасының карантиндік стационарына жіберілді. Ер адам ауруханаға жатпас үшін теріс нәтижемен COVID-19 бланкісін ұсынған. Аурухана қызметкерлері бұл құжатқа күмән келтіріп, оны берген медициналық мекемеге хабарласқан. Мекеме дәрігерлері ол ер адамның мекемеге жүгінбегенін және ешқандай зерттеу жүргізбегенін хабарлады, - деді Павлодар облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.

Жалған құжатты пайдалану фактісі бойынша Успен ауданының полициясында Қазақстан Республикасы ҚК 385-бабының 3-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілді. Тергеу барысында құқық бұзушы жалған құжатты қолданғанын мойындады. Қылмыстық іс Успен аудандық сотының қарауына жіберілді. Ер адамға 15 АЕК – 44 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.

Полицейлер әдейі жалған құжат қолдану үшін қылмыстық жауапкершілік көзделгені туралы ескертеді. Қазақстан Республикасы ҚК-нің 385-бабында осы іс-әрекет үшін 160 АЕК-ке дейінгі айыппұл салу, 160 сағатқа дейін түзеу немесе қоғамдық жұмыстарға тарту, 40 тәулікке дейін қамауға алу сияқты жаза қолдану қарастырылған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: