Жаңалықтар тізбегі
0

Железин ауданында 17 жыл бұрын әпкесін өлтірген адам ұсталды

inform.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.07.2021 19:38 inform.kz
2004 жылы қозғалған қылмыс ашылды.

Павлодар облысында 17 жыл бұрын әпкесін өлтірген адам ұсталды. Сараптама нәтижелері бойынша кінәлі адам ұсталды, деп хабарлайды zakon.kz.

Pavlodarnews.kz мәліметі бойынша, бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров мәлім етті.

- Тергеу бөлімшелерінің өндірісінде барлығы 2864 қылмыстық іс болды, оның ішінде 1796 іс ашылып, сотқа жолданды, ашу пайызы 75,2% құрады. 2004 жылдан бері қозғалған қылмыс ашылды. Железин ауданында ер адам әпкесін өлтірген. Сараптама нәтижелері бойынша кінәлі адам ұсталды, - деді Жасқайрат Қайыров.

Оның айтуынша, криминалдық полиция қызметкерлері өткен жылдардағы 485 қылмыс: оның ішінде 1 адам өлтіру, 2 денсаулыққа ауыр зиян келтіру, 5 бұзақылық, 10 тонау, 1 қарақшылық шабуыл және 5 айдап әкету ісі ашылған.

Қылмыскерлерді іздестіру бойынша жұмыстар жүргізілуде, жыл басынан бері іздеуде жүрген 50 адам ұсталды. Оның ішінде 2016 жылы кісі өлтірген бір адам Ресейде қолға түсті.

- Бүгінде полиция департаменті жедел қызметтік жұмыстың барлық бағыттары бойынша ішкі істер органдарының алдына қойылған міндеттерді тиімді шешуге мүмкіндік беретін тұрақты режимде жұмыс істеуде, - дейді Жасқайрат Қайыров.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: