Алматыда Hyundai көлігі екі қызды қағып кетті
әлеуметтік желіден алынды
Жол апаты кешке Ходжанов көшесінде орын алған.
1 маусымда Алматыда Hyundai жүргізушісі екі қызды қағып кетті, деп хабарлайды zakon.kz.
Жол апаты кешке Ходжанов көшесінде орын алған.
Оқыс оқиға видеосы әлеуметтік желілерде жарияланды.
Тұрғын үй кешенінен атып шыққан жүргізуші қыздарды қағып, капотына іліп, олардың бірін көше бойымен сүйреп, бірнеше метрге лақтырып жіберген, ал екіншісін қоршауға апарып бір-ақ соқты, - дейді видео авторы.
Алматы полициясы Бостандық аудандық полиция бөлімі барлық мән-жайларды тексеріп жатқанын жеткізді.
Бұған дейін жәбірленушілерге келтірілген зиянның ауырлығын анықтау үшін барлық қажетті сараптамалар тағайындалды. Оның нәтижелері әлі дайын болмады. Осыған байланысты аталған факт бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданбады. Тергеу барысы бақылауға алынды, - деді Алматы қаласы ПД бастығының орынбасары Рүстам Әбдірахманов.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript