Ақтөбе облысында жол апатынан ер адам мен қасындағы немересі опат болды

pixabay.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.07.2021 23:18 pixabay.com
Марқұмның тағы бір немересі ауруханаға түсті.

Көлікке екі немересін салып алған ер адам жол апатына ұшырады, деп хабарлайды zakon.kz.

Облыстық полицияның хабарлауынша, жол апаты 13 шілдеде болған.

"ВАЗ-2114" автокөлігінің 62 жастағы жүргізушісі, Темір ауданының тұрғыны тізгіндеген автокөлік Ақтөбеден Темір ауданының Кеңқияқ ауылына бағыт алып, "Покровка-Жаңажол" облыстық автомобиль жолының 30 шақырымында (Кеңқияқ ауылының маңында) келе жатқанда аударылады. Апат салдарынан көлік жүргізушісі мен оның 15 жастағы немересі алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды, ал 18 жастағы немересі Кеңқияқ ауылының ауруханасына жатқызылды, деп хабарлайды Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: