Жаңалықтар тізбегі
0

Жалғызбасты келіншекті басынған петропавлдық жазаға тартылды

polisia.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.07.2021 19:11 polisia.kz
Белгілі болғандай, ол келіншекті ұзақ уақыт бойы аңдып жүрген.

Келіншектің ізіне түсіп, әбден мазасын алған петропавлдық қылмыстық жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды zakon.kz.

Polisia.kz мәліметі бойынша, Петропавл қалалық полиция бөлімінің Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі тобына 25 жастағы жалғызбасты ана жүгінген. Оның айтуынша, бұрын жақын байланыста болған ер адам 13 шілдеге қараған түні пәтердің әйнегін сындырып, тұрғын үйге заңсыз басып кіріп, жанжал шығарған.

Белгілі болғандай, ол келіншекті ұзақ уақыт бойы аңдып жүрген. Құқық бұзушы, бұрын сотты болған 24 жастағы қала тұрғынына қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 434-бабы 2-бөлігі (Ұсақ бұзақылық) бойынша материал жиналып, жыл ішінде қайталап құқық бұзушылық жасағаны үшін жауапкершілік көзделген. Сәуір айында жас жігіт аталған бап бойынша басқа бір қыздың ізіне түскені үшін жауапқа тартылған.

– Сот ұсақ бұзақылық фактісі бойынша құқық бұзушыға 7 тәулікке әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза тағайындалды. Бұдан бөлек, тұрғынжайға заңсыз басып кiру фактісі ҚР Қылмыстық кодексінің 149-бабы 2-бөлігі (Тұрғынжайға қолсұғылмаушылықты бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына өз проблемаларыңызды жасырмауға шақырамыз, — дейді ӘЗЗҚТ аға инспекторы Айнұр Жақыпова.

Учаскелік инспекторларға, әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі бөлініске, 102 арнасына хабарлаңыздар немесе 102 мобильді қосымшасын пайдаланыңыздар. Әр сигнал тіркеліп, олар бойынша заңнама шеңберінде құқық бұзушылардан қорғауға бағытталған шара қабылданады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: