Шымкенттік медресе құрбандық шалу рәсімін өткізіп, адамдарды қабылдаған

polisia.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.07.2021 23:52 polisia.kz
Медресе әкімшілігінен түсініктеме алынды.

Шымкенттік полицейлер “Құрбан айт” мерекесінде құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша рейд өткізді, деп хабарлайды zakon.kz.

Polisia.kz мәліметі бойынша, Еңбекші ауданы полиция басқармасының қызметкерлері қауіпсіздік шараларын күшейту мақсатында жүргізілген рейд барысында Шымкент қаласы Теріскей шағынауданы, 23а үйде орналасқан “Ықылас” медресесі карантиндік талаптарды сақтамай, жұмыс жасап жатқанын анықтады.

“Ықылас” медресесі құрбандық шалу рәсімін өткізіп, адамдарды қабылдаған. Сонымен қатар нысан қызметкерлерінің бір реттік бетпердені тақпағандары да белгілі болды. Медресе әкімшілігінен түсініктеме алынды, делінген аудандық ПБ хабарламасында.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.07.2021 23:52

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: