Карантин бұзушылардың аты-жөні жарияланған мақалаға қатысты министр пікір білдірді

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.07.2021 23:30 zakon.kz
COVID-19 жұқтырған науқастардың қолына карантинді сақтау керектігі туралы қолхат беріледі. Онда жеке деректерді өңдеуге берілген келісім қарастырылған.

23 шілдеде Алматыда "қызыл" белгіге ие карантинді бұзушылардың аты-жөні жарияланды. Бұл дербес деректер туралы заңды бұзатын-бұзбайтындығына қатысты ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой пікір білдірді, деп хабарлайды zakon.kz.

Министр ведомствааралық комиссия адвокаттармен кеңесіп, сарапшылар келтірген кейбір пункттерді оқып бергенін айтты. Оның айтуынша, коронавирус - бұл басқаларға қауіп төндіретін ауру. COVID-19 жұқтырған науқастардың қолына карантинді сақтау керектігі туралы қолхат беріледі. Онда жеке деректерді өңдеуге берілген келісім қарастырылған.

Конституция азаматтардың денсаулық сақтау құқығын да қамтиды. Бұл ұжымдық қауіпсіздік және өзгелерге ауру жұқтыру қаупі бар азаматтар үшін де жасалады - егер олар ауруханадан тыс жерде емделсе, онда үйде болулары керек, - деді Алексей Цой.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: