Әкім ҚазҰУ жер телімінің сатылып кеткені туралы сөзге қатысты пікір білдірді

kaznu.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.02.2021 20:39 kaznu.kz
Осы жылдың қаңтарында Алматыдағы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға тиесілі жер учаскесі жеке тұлғаға берілгені туралы ақпарат пайда болды.

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың жер телімін жекеменшікке беру туралы қауесетке қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды zakon.kz.

Университеттің жері жекеменшікке берілмейді. Егер университет жер учаскесін біреуге бергісі келсе, онда олар алдымен әкімдікке жүгініп, "бұл аумақ бізге қажет емес, баланстан шығарып тастаңыз" деген ұсыныс беруі керек. Қазір университеттің жаңа ректоры тағайындалды. Біз ол кісімен кездесіп, осы мәселені талқыладық. Ол: "Университетті дамыту керек, жерді беруге болмайды, бұл дұрыс емес", - деді. Сондықтан бүгін жерді жекеге беру туралы әңгіме қозғалып жатқан жоқ. Ондай мәселе жоқ, - деді Алматы әкімі қала тұрғындарымен болған есептік кездесуде.

Осы жылдың қаңтарында Алматыдағы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға тиесілі жер учаскесі жеке тұлғаға берілгені туралы ақпарат пайда болды. Университет бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: