Саясат Нұрбек ҚазҰУ аумағында жасөспірімнің қазасы туралы: Субұрқақта мін жоқ

Саясат Нұрбек ҚазҰУ аумағында жасөспірімнің қазасы туралы: Субұрқақта мін жоқ., сурет - Zakon.kz жаңалық 16.07.2024 13:53 Сурет: Zakon.kz
2024 жылдың 16 шілдесінде үкіметте өткен баспасөз мәслихатында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Алматыдағы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ аумағында жасөспірімнің өліміне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, әзірге сот-медициналық сараптаманың ресми қорытындысы жоқ.

"Бұл Алматы қаласы Бостандық аудандық ішкі істер бөлімі, сондықтан күтеміз... ...Біз бұл мәселені ұмытқан жоқпыз, бірақ бұл жерде сот-медициналық сараптаманың қорытындысын күтуге мәжбүрміз", - деп сендірді министр.

Бұл ретте Саясат Нұрбек сараптамалар неге ұзаққа созылып жатыр деген сауалға жауап бере алмады.

Субұрқақ қалыпты жұмыс істеп тұр, біз барлық техникалық ақауларды тексеріп шықтық, біз сот-медициналық сараптаманың қорытындысын күтіп, шешім қабылдауымыз керек", - деп түйіндеді ол.

2024 жылдың 19 маусымында Алматыдағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аумағында жас жігіттің қайтыс болғаны хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: