Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері суицид жасамақ болған әйелді құтқарды
rykapomoshi.ru
Қазіргі кезде онымен психологтар жұмыс істеуде.
Алматыда патрульдік полиция полкінің қызметкерлері суицид жасамақ болған әйелді құтқарды, деп хабарлайды zakon.kz.
Polisia.kz мәліметі бойынша, 24 шілдеде таңғы сағат төрт жарымда Қарасай батыр көшесіндегі үйлердің бірінің шатырында бір әйел төртқабатты үйдің шатырына шығып, секірмек болған. Мұны патрульдік полиция полкінің қызметкерлері Алмалы аудандық ПБ ғимаратынан шығып бара жатқанда көрген.
Полиция лейтенанты Расул Маметниязов пен полиция аға лейтенанты Данияр Тастекеев еш ойланбастан үйге жүгіріп келіп, өрт сөндірушілер баспалдағымен шатырға көтерілді. Ол шатырдың ең шетінде тұрған, жас қызметкер оны соңғы қадамға баруға дайын болған сәтте ұстап алды. 28 жастағы Валерия есімді қыз есеңгіреген күйде болған, деп нақтылады құзырлы ведомства.
Полиция оның күйзелісте болғандығын және суицидке не себеп итермелегені әлі белгісіз екенін атап өтті. Қазіргі кезде онымен психологтар жұмыс істеуде.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript