Жаңалықтар тізбегі
0

Карантин бұзған қазақстандықтар 1,5 млрд теңге айыппұл төлеген

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.07.2021 17:59 zakon.kz
Онда да бұл биылғы жыл үшін, яғни жыл басынан бастап осы күнге дейінгі аралықта.

Карантин режимін бұзғаны үшін қазақстандықтар жыл басынан бері 1,5 миллиард теңге айыппұл төледі, деп хабарлайды zakon.kz.

COVID-19-дың таралуын болдырмау жөніндегі ВАК мәліметіне сүйенсек, қазіргі кезде республикамызда 1860 жылжымалы мониторинг тобы бар.

Өкінішке орай, олардың қызметін маусым айындағы талдау жұмыс белменділігі мен тиімділігінің 32%-ға төмендегенін көрсетті, - деп атап өтіледі ресми хабарламада.

Нысандарға рейд жасау Түркістан, Алматы, Қарағанды ​​және Атырау облыстарында күрт төмендегені байқалады.

Сонымен қатар, мониторингтік топтар жұмысының жоғары тиімділігі Шымкентте, Алматыда және Жамбыл облысында байқалады.

Ashyq жобасы аясында 35 344 ШОБ-қа тексеру жүргізілген. 482 кәсіпорында заң бұзушылықтар анықталды.

1 қаңтардан 24 шілдеге дейін республикамыздағы мониторингтік топтар 132 088 рейд жүргізіп, 758 679 нысанды қамтығанын атап өткен жөн. 20 158 нысанда шектеу шараларын бұзушылықтар анықталды.

Өткен кезеңде 19 026 адам жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 11 376 кәсіпкерлік субъектілерінің өкілдері және 7 650 жеке тұлғалар да бар. 1,5 миллиард теңгеден астам сомаға айыппұлдар өндірілді. 91 нысанның қызметі тоқтатылды, сотқа 334 материал түсті, делінген хабарламада.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: