Теміртаулық қыз өзіне ескерту жасаған әйелдің быт-шытын шығарды

pixabay.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.07.2021 23:28 pixabay.com
Денсаулыққа келген зардаптан бөлек, әйелдің көзілдірігі, ұялы телефоны да сынған.

Теміртауда дүкенде шыққан жанжал көшедегі төбелеске ұласты, деп хабарлайды zakon.kz.

Ыңғайсыз оқиға 23 шілдеде болған.

Жәбірленуші, 37 жастағы әйел дүкендегі кезекке байланысты ауызша ескертуінің арты көшедегі төбелеске ұласқанын айтты.

Қылмыс жасаған адам жәбірленушінің денесіне зақым келтіріп, көзілдірігін, ұялы телефонын сындырған. Патрульдік полиция қызметкерлері күдіктіні ұстады. Бұл 24 жастағы теміртаулық болып шықты. Ол өз айыбын мойындады. ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы, "Бұзақылық" бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: